2019 қорытындысы: төрт түлек аудиотриядан неге қуылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

ҰБТ нәтижесі жойылған түлектердің арасында сынақты жалғастырудан бас тартқандар да бар

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. ҰБТ-ның бес күні ішінде төрт түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылған. Бұл туралы БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біз аудиториядан барынша шығармауға тырысамыз. Тестілеу болған күндер ішінде төрт адам өрескел тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан қуылды. Қалғандарынан тыйым салынған заттар ғана тәркіленді», — деді Тойбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол ҰБТ-ға қатысқан түлектердің нәтижесі неге жойылғанын түсіндірді.

Тағы оқыңыз: ҰБТ-да ең жоғары 140 балды кім жинады?

«Олардың бірі тестілеуді одан әрі жалғастырғысы келмей, ҰБТ өткізу пунктінен шығып кетті. Акт толтырылып, нәтижесі жойылды. Екіншісі өрескел тәртіпбұзушылық жасаған, бақылаушының рұқсатынсыз өз бетімен аудиториядан шығып кеткен», — деді департамент директоры.

ҰБТ — 2019

ҰБТ-ның бес күні ішінде тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі сынақтан өтті. Бұл — өтініш бергендердің 96 проценті. Оның ішінде қазақ тілінде – 56684, орыс тілінде – 14455, ағылшын тілінде 87 түлек тапсырды.

Ең жоғары 140 балды Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі жинаған.

Тағы оқыңыз: Арыстағы ҰБТ тапсырған түлектердің жағдайы не болды?

Республикалық аппеляциялық комиссияға 111 өтініш келіп түсті, оның 63-і қанағаттандырылды.

ҰБТ-2019 нәтижелерін edu.mail.kz сайтынан және телеграм-боттан – edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады.



sputniknews.kz


Тегтер:түлекҰБТ