20 қыркүйекте қандай іс-шаралар өтеді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Sputnik Қазақстан агенттігі 20 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 21-24 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз

20 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР ұлттық экономика министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында интернет-конференция өтеді. Конференцияға қатысушылар «Дипломмен ауылға» бағдарламасын талқыға салады. Желі қолданушыларының сұрағына ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов жауап береді (конференция осы сілтеме бойынша көрсетіледі).

18.00 – «Qazaq Speakers 2019» байқауының финалы. Media Talks конференциясында 10 қатысушы «Қазақстанның үздік спикері» атағына таласады. Жеңімпазды байқаудың төрешілері таңдайды. Жеңімпаз Финляндияның астанасы Хельсенки қаласында өтетін  Nordic Business Forum 2019 бизнес форумына қатысуға мүмкіндік алады. Жоба мақсаты – Қазақстанда көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін дамыту (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік көшесі, 57.  Байланыс телефоны: +7 702 906 81 71, + 7 777 353 17 66 ).

19.00 – «Шелковая лестница» бір актілі операсының премьерасы («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

21 қыркүйекке жоспарланған шаралар

09.00-14.00 – Онкогинекологиялық патологиясын ерте анықтау үшін ашық есік күндері өтеді. Әйелдер тегін дәрігер қарауына бара алады (Өтетін орны: барлық мемлекеттік онкологиялық ұйымдар)

НҰР-СҰЛТАН

19.00 -Халықаралық байқаулар лауреаты, қазақстандық-британиялық пианиношы Дина Дүйсен драмалық концертін ұсынады (Астана» концерт залы (бұрынғы Конгресс-холл).

АЛМАТЫ

10.00 – #EXPOHOMSTERS жылжымайтын мүлік көрмесі өтеді. Шара 2 күнге жоспарланған. Оған құрылыс компаниялары мен банктер қатысады (Самал-2 шағын ауданы, «Достық Плаза» сауда орталығы).

10.00 – «Орталық Азия – Қытай. Стратегиялық әріптестік перспективасы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтеді («Қазақстан» қонақүйі, Достық даңғылы, 52/2, «Алтын Емел» залы. Байланыс телефоны: 8 708 551 4868).

10.30 – Сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтеді. Кадр даярлау, 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы сөз болады  (Қазақстан ұлттық аграрлық университеті, Абай даңғылы, 8. Байланыс телефоны: +7 702 271 71 21 ).

16.00 – Қалалық дебат өтеді. «Қаладағы көліктің қоршаған ортаға тигізетін кері әсері» тақырыбында болады.  Шара аясында швециялық режиссер Фредрик Герттеннің «Велосипед машинаға қарсы» фильмі көрсетіледі (Өтетін орны – Абай даңғылы, 90.  Байланыс телефоны: +7 (707) 585 35 85).

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

10.00 – Атырау облыс ауыл әйелдерінің форумы (Өтетін орны: Махамбет елді мекені, Махамбет ауданы, «Өнерпаз» мәдениет үйі. Байланыс телефоны.: 8 (778) 456 09 99, 8 (7172) 99 94 02, е-mail: [email protected]).

22 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12.00 – «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісі қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – Михаил Фокиннің балеті. Шехеразада. Шопениана («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 – Developing Leadership Day атты XII білім беру форумы өтеді. Шарада түрлі тренинг пен мастер-кластар, әрі студенттер мен жоғары оқу орнын бітірген түлектер үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады (КИМЭП университеті, Абай көшесі, 4. Байланыс телефондары: +7 777 320-86-18).

23 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Орта Азия және Каспийдегі мұнай өңдеу және мұнай химиясы» тақырыбында 6-шы халықаралық конференция өтеді. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстанның мұнай өңдейтін және мұнай-газ химиясы саласындағы компаниялары мен инжиниринг және технология саласындағы халықаралық компаниялар қатысады (Отель Hilton қонақ үйі, Сауран көшесі, 46).

24 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында Digital Energy көрмесі өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

09.30 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында SPE: еңбек, өнеркәсіп пен қоршаған орта қауіпсіздігі және Каспий өңіріндегі әлеуметтік жауапкершілік тақырыбында симпозиум өтеді. Жиынды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұйымдастырады. Шараға экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысады (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44. [email protected] электронды пошта).

10.00 – Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV кеңес өтеді. Шараға қатысуға Еуропа мен Азияның 60-тан астам делегациясы мен 16 халықаралық ұйымның өкілі қатысады (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация [email protected] электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
10.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында Kazenergy XI жастар форумы өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...