2 тамыз: іс-шаралар тізімі – Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар облысы

0

Sputnik Қазақстан 2 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 3 және 4 тамыз күндері болатын оқиғалар туралы біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтық сектор өкілдерімен кездеседі. Әлеуметтік маңызы бар сот актілеріне қатысты мәселе талқыланады (Министрліктер үйі, 13- кіреберіс, 10-қабат. Аккредитация: [email protected] Телефоны: +7 (7172) 74 06 01, +7 (7172) 74 06 02).

12.00 – «Сиқырлы сөздер» спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

АЛМАТЫ

10.00 – «Ұлы дала өрнектері» көрмесі өтеді. Картиналар Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі қорынан алынады. Көрме тамыздың соңына дейін ұйымдастырылады. (Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі, Көктем-3 шағын ауданы, 22/1, Байланыс телефоны: 7 (327) 394 57 18).

14.00 – Girls in STEM жазғы лагері қатысушылары жобаларының тұсаукесері өтеді. Лагерь 15 шілдеден бастап істеген болатын. Мақсаты: 14-18 жас шамасындағы қыздардың STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласына деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, заманауи технологиялардың көмегімен әлеуметтік маңызы бар жобалар жасау. Сайысқа түрлі мектептен 26 қыз қатысты. Жобаны Алматыдағы АҚШ-тың бас консулдығының қолдауымен American Space and Makerspace Almaty және «Шеврон» компаниясы ұйымдастырады (American Space & Makerspace Almaty алаңы. Байланыс телефоны: +7 777 547 54 31).

3 тамызға жоспарланып отырған шаралар
НҰР-СҰЛТАН

08.00 – көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған шара өтеді. Шара аясында үздік қызметкерлер марапатталып, «Мен қалам үшін не жасай аламын?» акциясы, әрі жастар арасында флэш-моб ұйымдастырылады. (Ботаникалық саябақ. Аккредитация: +7 (717-2) 98 35 98 немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

10.00 – CAC-СКК Қазақстан иттер көрмесі өтеді. Шараны «АРКО және К» кинология және фелинология орталығы ұйымдастырады. («Четыре Лапы» дүкені, Иманов көшесі, 4, Байланыс телефондары  +7 (7172) 21 97 11, +7 701 410 44 14).

16.00 – «Ғылым жолындағы өмір – Қазақстан тарихындағы Санжар Асфендияровтың орны» лекциясы өтеді. Шара «Воспоминания. Диалоги памяти» және Astana Art Show саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу көрмесі аясында өтеді (Василий Кубрин үйі, Кенесары көшесі, 41).

АЛМАТЫ

08.00 – «Азия кубогы — 2019 ASTC Almaty Triathlon Asian Cup» триатлоннан жарыс басталады. 3 тамыз күні Elite санатындағы атлеттер арасында жарыс өтеді. Жарыс 3 кезеңнен тұрады: жүзу 570 метр, 20 шақырым веложарыс және бес шақырымға жүгіру. Әлемнен түрлі елінен 130 спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

12.40 – Elite санатындағы спортшыларды марапаттау рәсімі өтеді

18.00 – Age Group санатындағы атлеттердің брифингі өтеді (Старт қалашығы, Сайран көлі, Төле би көшесі, 290. Байланыс телефоны:  +7 777 306 77 11).

4 тамызға жоспарланып отырған шаралар

АЛМАТЫ

09.00 – TEMIRADAM кубогының VIII кезеңі басталады (Age Group санаты (әуесқойлар).

14.00 – Age Group санатындағы атлеттерді марапаттау рәсімі және Temiradam кубогының кезеңі – VІІІ Азия кубогының жабылуы (Сайран көлі,  Төле би көшесі, 290. Байланыс телефоны:  +7 777 306 77 11).

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

15.00 – Тәлімгерлік кемпинг: «Жұлдызды жандыр!». Жиында жастар мен кәсіпкерлер бас қосады. Өз ісін бастаған жас кәсіпкерлерге тәлімгер болу мәселесі талқыланады. Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов, қоғам қайраткері Нұрлан Жазылбеков пен KAZBRANDS ҚҚ жетекшісі Жанна Кәйкенова сөз сөйлейді. Шара 4-7 тамыз аралығында өтеді (Баянауыл ұлттық паркі, «Жан» демалыс аймағы (Жасыбай көлі). Аккредитациядан +7 702 449 25 27 телефон нөмірі немесе  [email protected] электронды поштасы арқылы өтуге болады).



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз