175 жыл: Абайдың үш жары: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Абай Құнанбаевтың есімін бүкіл әлем таниды. Ұлы ақын, ағартушы әрі философтың туындылары әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес. Дегенмен қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының жеке өмірі туралы көбі біле бермейді

Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Ол кезде көп әйел алу рұқсат етілген еді. Үшеуі де бір уақытта ақынның жары болған, бірақ әртүрлі ауылда тұрған.

Абай Ділдәға 15 жасында үйленіпті. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылған. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі (судьясы) Алшынбайдың туған немересі.

Абай тұрған үй: ақынның музейіне саяхат – видео

Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман (болжам бойынша «қант сияқты тәтті» деп аударылады). Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Қыздың сұлу болғаны соншалық, ақын оны «ай керім» деп атап кеткен екен. Абай Әйгерімге 30 жасында үйленіпті, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құрапты. Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Абай өз сүйіктісін кездестірген жердегі бұлаққа қыздың есімі беріліпті. Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы.

Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың кіші інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайды үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.

Құнанбай қажылыққа аттанған: Қазақстандағы ежелгі мешіт туралы не білеміз?

Олардың ортақ балалары болмапты. Еркежан бірінші некеден туған ұрпағын тәрбиелеген. Еркежанға Құнанбаевтар отбасының мүшелері – қайын атасы Құнанбай Өскенбаевты, күйеулері – Оспан мен Абайды, ақынның әйелдері – Ділдә мен Әйгерімді жерлеу ауыртпалығы түсіпті. Еркежанның өзі Оспан мен Абайдың зиратына жақын жерде – Жидебайда жер қойнына тапсырылыпты. Ал Ділдә мен Әйгерім Абай тасжолы бойындағы Аралтөбе, Ақшоқы деген мекендерде жерленген екен.

Ақынның бірінші екі әйелі 10 бала тапқан, олардан 19 немере мен 13 шөбере тараған. Балалардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралыпты.

Абай мұрасы бізге қалай жетті – фото

Sputnik Қазақстан Абайдың әйелдерінің жеке заттарының фотосын назарға ұсынады. Бұл суреттерден Құнанбаевтар отбасының қалай өмір сүргенін көруге болады.



sputniknews.kz

Загрузка...