15 қазанда қандай іс-шаралар өтеді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Sputnik Қазақстан агенттігі 15 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 16-18 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

15 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Онкология саласындағы лидерлердің дүниежүзілік саммиті. 2019 жылғы саммиттің тақырыбы – «Қатерлі ісік және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту». Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күресіп жүрген 350-ден астам лидер қатысады. Бұл жоғары қызметтегі әлемдік лидерлер, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және әлемдік БАҚ өкілдері. Форум үш күнге созылады. (Hilton Expo Hotel және «Expo Астана» конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 701 705 78 76).

09.00 – «Қоғамдық көлік: реформалар және даму болашағы» конференциясы. Негізгі тақырыптар: қоғамдық көлікте дифференциалды тарифтерді енгізудің нәтижесі, «Астана LRT» ЖШС қызметі, жұмыстың қорытындысы, автобус парктерінің табысы пен шығысы, осы саладағы проблемалар және ол мәселелерді шешу жолдары. Сондай-ақ, конференция кезінде жол ақысын төлеудің жаңа әдіс-тәсілдері таныстырылады. Соның ішінде жолаушының биометриялық мәліметтері мен банк картасы бар. («Marden» бизнес орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14).

15.00 – молекулярлы-геномды зертханаға пресс-тур. Бүгінде адамның сан ауруларға бейімін анықтайтын 900-ге жуық генетикалық тест бар. Соның бәрі тұқым қуалайтын сырқаттарды анықтауға мүмкіндік береді. Адамның туған-туыстары қатерлі ісікпен ауырған болса, оған міндетті түрде тестті тапсырған дұрыс. Онкология тұқым арқылы берілмейді. Алайда геннің мутациясымен кейбір қауіпті аурулар тұқым арқылы берілуі мүмкін. (ҚР Президенті істері басқармасының медициналық орталығы, Мәңгілік ел, 80. Байланыс телефоны: +7 775 265 28 84).

17.30 – Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 21-ші отырысы. Оған Қазақстан тарапынан үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов, ал Ресей жағынан премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Антон Силуанов қатысады. Отырысты сауда-экономикалық байланыстар кеңінен талқыланады. (Rixos President Astana Hotel, «Жерұйық» залы. Аккредитация 8 (7172) 75-03-75, 75-02-31 телефондар арқылы жасалады, электронды пошта – [email protected]).

20.00 – Турецкий хорының концерті («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

АЛМАТЫ

12.00 – Бірқатар қоғамдық ұйымдар Қазақстан президентіне, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасына, Парламент мәжілісінің төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының басшысына, сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына үндеу жасап, мәжіліс депутаты Владимир Божконың өкілеттілігін тоқтатуды талап ететін болады. Бұдан бөлек, оны ҚР ҰКК генерал-лейтенанты ретінде барлық жеңілдіктерін алып тастауды сұрайды. Баспасөз мәслихатына Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Асылхан Артықбаев, заңгер кеңесші Василий Резван, «Қазақстанның орыстар қауымы» республикалық бірлестігі басшысының орынбасары Михаил Киндалёв, «Қазақстанның казак қоғамдық бірлестіктерінің одағы» ұйымының атаманы Виктор Таранов және Қазақстанның түркі-славян бірлігі қозғалысының төрағасы Хасен Қожа-Ахмет қатысады. (Қазақстандық пресс-клуб, Самал 2 шағын ауданы, 58).

16 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – «Сахнаның артындағы құпиялар» экскурсиясы. Оған қатысатындар балет театрының өмірімен таныса алады. Әртістерге гримді кім жасайды? Костюмдер қалай тігіледі? Әртістер өз шеберлігін қайлайша ұштап отырады? Осының бәрін «Астана Балет» театрына жасалатын экскурсия кезінде түсіндіреді (Театр «Астана балет») .

АЛМАТЫ

10.00 – «Qazaq Fermer» атты мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрме. Шара аясында сан алуан конференциялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, фермерлер өнімдерінің жәрмеңкесі болады. (Алматылық цирк, Абай даңғылы, 50 Байланыс телефондары: +7 702 862 47 70, +7 708 970 11 98).

17 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Жастар – ел тірегі!» аясында Next generation концерті өтеді. Нұр-Сұлтан әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының XVII концерттік маусымы ашылады. («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

09.00 – «Денсаулық сақтау саласындағы инновациялар-2019» атты IV Халықаралық ғылыми форумы («Almaty Resort», Алатау шағын ауданы).

АЛМАТЫ

09.30 –»Трансұлттық бизнес-құқық: «Шекараны өшіреміз» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (DoubleTree by Hilton Almaty , Досмұхамедов көшесі, 115).

10.00 – Central Asia Dental Expo-2019 III Халықаралық стоматологиялық көрмесі. Шара барысында терапия, имплантация, эстетика, эндодонтия, ортодонтия, пародонтология, техникалық зертхана, лазерлік стоматология, CAD/CAM, менеджмент және тағы басқа салалар бойынша үздік тәжірибе алаңдары ашылады. («АТАКЕНТ» орталығы, 11-павильон. Байланыс телефоны: +7 707 950 11 12).

18 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы Kaz»Hack»Stan 2019 конференциясы (Киноконцерт залы, Қонаев көшесі, 4).

АЛМАТЫ

09.00 – Қазақстан мен Орталық Азиядағы эстетикалық медицина бойынша XI Халықаралық конгресс. Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Франция, Өзбекстан және тағы басқа елдерден үздік мамандар келеді («Бақшасарай» салтанат үйі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...