13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанға Сириядан 407 бала оралды, олардың көбі жетім қалған. Ал қыздардың біреуі өзі ана атанып келді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша — Sputnik. Сирияда террорист болуға дайындаған балалар Қазақстанда бейбіт өмір сүруге үйреніп жүр. Оларға білім алып, қоғамға сіңісу керек. Қазақстан тағдыр тауқыметін көрген балаларға қалай қолдау көрсетіп жатқанын Sputnik-тің Дүниежүзілік бала күніне арналған материалынан оқи аласыз.

3 айлық баладан бастап 13 жастағы анаға дейін

Сириядан оралған ең кішкентай бала небәрі үш айлық. Ең үлкені 17 жаста. Арасында 13 жаста тұрмысқа берген қыз да бар. Ол ана атанып үлгерді.

Ислам мемлекеті* экстремистері (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қарумен ойын, жаттығу лагерьлерін ұйымдастырып балаларды әдейі радикалды идеологияға бейімдеген. Адамды жазалау және өлтіру сәтін де балаларға көрсеткен.

Жасөспірім шаққа жеткендерді үйлендірген. 13 жастағы қыздар 14-тегі балаларға тұрмысқа шықты.

Тек қара түсті сурет салған

Қазақстанға оралған кезде балалар тек қара түсті сурет салған. Алайда уақыт өте келе түрлі-түсті бояуларды қоса бастаған.  

«Бала қолын қарындаш алып, қару емес, гүлдің суретін салған кезде ішкі дүниесі өзгеріп келе жатқанын түсінеміз. Бірақ бұл үшін көп уақыт керек. Біз мұндай балалармен 2016 жылдан бастап жұмыс істейміз. Ең бірінші бала Түркиядағы түрмеден оралды. Ол жерде әкесімен бірге болған. Қазір ол 8-сыныпта оқиды «, — деді «Право» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Рыль.

Ольга Рыльдің айтуынша, қор 2019 жылдың 6 қаңтарынан бастап «Жусан-1» және «Жусан-2» операцияларының аясында елге оралған балалармен жұмыс істейді.

«Барлығы 407 бала. Оның 33-і – жетім. Кейбір кезде «406 бала» деп айтады. Олар өзі ана атанға кәмелетке толмаған қыздың бар екенін ұмытып кетіп отыр», — деді Ольга Рыль.

 



sputniknews.kz