11, 12, 13, 14, 15, 16 тамызда өтетін шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Жамбыл облысы

- Жарнаманы баса кетіңіз -

11 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында «Автомобилист» – «Ак Барс» командалары кездеседі. («Барыс Арена» мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

17:00 – Хоккейден Қазақстан президенті кубогі аясында «Салават Юлаев» – «Барыс» командалары кездеседі. («Барыс Арена» мұз айдыны кешені, Тұран даңғылы 57, Байланыс телефондары +7 (7172) 61 35 19).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – Орталық Азиядағы ең ірі Race Nation Kazakhstan спорттық шарасы өтеді. («Алатау» стадионы, Солдатское шатқалы, Байланыс телефондары +7 705 602 42 49).

14.00 – қазақтың ұлттық тағамдары мен тарихи костюмдеріне арналған фестивальдің ашылу салтанаты өтеді. Шара 11-17 тамыз аралығында ұйымдастырылады. Фестивальге қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Ұлы дала халықтарының ұмыт болған ас рецептілерімен таныса алады. Сондай-ақ қонақтар қазақ ұлттық киімдерінің қалай тігілетінін біле алады. (Үшқоңыр үстіртінің етегі, Nomad этноорталығы, Байланыс телефондары +7 (777) 781 55 99).

АРЫС

11.00 – Қаланың бас қақпасының құрылысына капсула салу салтанаты. Салтанатты шараға кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым қатысады. Қала 17 секторға бөлінген, оны қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірі атсалысып жатыр. Кәсіподақтар да шет қалмады (Байланыс телефоны +7 702 344 10 66 Мақпал Рысбаева, электронды пошта: [email protected]).   

11.30 – Арыс тұрғындарына Қазақстан кәсіподақтарының шипажайына жолдама беріледі (Арыс әкімдігі, Әл-Фараби көшесі, 3. Байланыс телефоны +7 702 344 10 66 Мақпал Рысбаева, электронды пошта: [email protected]).

13.00 – Құрбан айт мейрамы құрметіне Арыс тұрғындарына түскі ас беріледі («МұзТау» мейрамханасы, Асқаров көшесі, 42а, Шымкент. Байланыс телефоны +7 702 344 10 66 Мақпал Рысбаева, электронды пошта: [email protected]).

12 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – 12 жасқа дейінгі балалар арасында командалық теннистен Азия біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді. Шараға 15 мемлекет: Қазақстан, Йемен, Ливан, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Непал, Тайланд, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Иран, Филиппины, Индонезия және Тайвань қатысады.

Теннистен Қазақстан намысын Полина Слепцова, Зара Даркен, Іңкәр Дүйсебай, Әмір Омарханов, Артем Сидоров, Ерасыл Бахтияр қорғайды.

10.00 – Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, Батыс-Азия өңірінде теннисті дамыту ITF комитетінің мүшесі Амир Боргей (Иран), турнир директоры Айя Оспанова, турнирдің судьясы Антон Игнатченконың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. (Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы 4/2, Байланыс телефондары +7 702 842 77 47).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстанның қор биржасы медиа брифинг өткізеді. Жиын барысында қор нарығының 2019 жылдың шілде айында атқарған жұмысы жайлы статистикалық мәлімет айтылады. Спикер: KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк («Almaty Towers»көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280. Аккредитация: +7 (727) 237 53 42, [email protected]).

12.00 – «Журналистің жұмысына кедергі жасауға жол бермеу» баспасөз мәслихаты. Қатысушылар: «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Қалеева, адвокат Айман Омарова, «Азаттық» радиосының журналисі Тоқмолда Құсайынов, Қазақстандағы адам құқығы және заңды сақтау халықаралық бюросының журналисі Андрей Гришин  (қазақстандық баспасөз клубы, «Самал-2» шағын ауданы, 58, «Сәтті» тұрғын үй кешені. Аккредитация: +7 (727) 264 71 13, +7 747 262 20 63).

12.00 – Төрт елдегі (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) Central Asia»s Got Talent телевизиялық жобасының қазылары тыңдалым өткізді. Осыған орай баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Хабар» телеарнасының бағдарламалық директоры Айкүміс Сексенбаева, Central Asia»s Got Talent шоуының бас продюсері Серік Әкішев, сондай-ақ, халықаралық қазылар алқасының мүшесі Нұрлан Абдуллин (Қазақстан), Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан), Ситора Фармонова (Өзбекстан), Аловуддин Абдуллаев (Тәжікстан) (Ғабит Мүсірепов атындағы театр. Аккредитация: +7 701 144 52 89,  [email protected]).

АРЫС

10.00 – Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Шымкент әкімі Ерлан Айтахановпен кездеседі. Кездесу барысында Федерация мен әкімдік арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады (Байланыс телефоны +7 702 344 10 66 Мақпал Рысбаева, электронды пошта: [email protected]).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

22.00 – Халықаралық армия ойындары аясында «Уверенный прием» радио байқауының төртінші кезеңі өтеді (байланыс әскері мамандарының жарысы) Байқаудың финалы 14 тамыз күні болады (40-шы әскери базаның Гвардейский полигоны).

13 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Халықаралық сарапшы Анжела Вицанидің қатысуымен ішкі аудиторлардың ұлттық конференциясы өтеді. Конференцияны Қазақстанның қаржы министрлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығының бюросымен және Қазақстан ішкі аудиторларының институтымен бірлесіп ұйымдастырады (ЭКСПО аумағы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/23, С4 блогы. Аккредитацияны   +7 (7172) 75 03 75, 75-03-42, 75-02-31 немесе [email protected] поштасы арқылы жасауға болады).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстандағы қаржы пирамидаларына арналған баспасөз мәслихаты. Шараға Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы сауаттылығын және қаржы қызметінің сапасын арттыру орталығының басқарушы директоры Ләззат Үсенбекова, «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» ҚҚ сарапшысы Шынар Елубаева, заңгер Асқар Қаймақов, Growth of Capitals қаржы пирамидасынан зардап шеккендер Гүлнәр Саньярова мен Жазира Смағұлова, жәбірленушілердің өкілі, заңгер Әлия Байзақова қатысады («Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация  +7 (727) 250 35 28, +7 777 300 16 95 нөмірі немесе [email protected] поштасы арқылы жасалады).

10.00 – Халықаралық армия ойындары-2019 аясында «Эстафета» үшінші кезеңі (Қазақстанның қарулы күштері «Отар» 40-шы әскери базасының Гвардейский полигоны).

14 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 –  «Тұрақты туризм» тақырыбында кездесу өтеді. Шараға Asian Development Bank (ADB) және Qaztech Ventures қолдау көрсетеді. Әр сәрсенбі сайын стартаперлер сөз сөйлейді (Costa Coffee кофеханасы, мекенжайы: «Kaisar Plaza» СОО, Желтоқсан көшесі, 115).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

11.00 –  Халықаралық армия ойындары-2019 аясында «Сұңқарды аңға салу» байқауының «Эстафета» үшінші кезеңі.  Сайысқа бес мемлекет – Ресей, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай қатысады (Қазақстанның қарулы күштері «Отар» 40-шы әскери базасының Гвардейский полигоны).

15 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберханаларының екінші халықаралық фестивалі ашылады. Фестивальді елорда әкімдігі мен Ресейдің Нұр-Сұлтандағы ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен «Современник» халық жастар театры ұйымдастырады ( Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,  №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

16 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00-19.00 – «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің қойылымдары. «Современник» театры байқаудан тыс Оскар Уайльдтың пьесасы бойынша  «Как важно быть серьезным» спектаклін көрсетеді. Барлық қойылымға кіру тегін (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,  №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

20.30 –  «Бақытты билет» жастар театрлары, студиялары мен шеберхзаналарының екінші халықаралық фестивалінің жабылу салтанаты  (Nomad City Hall-дағы комедия театры, мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы,  №B2.3, ЭКСПО аумағындағы Энергия холы. Байланыс телефоны +7 702 364 2142 Виталий Яковлев, «Современник» театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

 



sputniknews.kz

Загрузка...