«Жастарға мүмкіндік»
2022 жылдың 20 маусым күні Павлодар қаласының С.Торайғыров университетінде «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбындағы кездесу өтті.
Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында өтеді. NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері қарастырылды.
Іс-шара спикері танымал кәсіпкер Бақытжан Ілиясқызы кездесуге келген университет белсенділеріне, жас кәсіпкерлерге білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарға мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығынан келген мамандармен NEET санатындағы жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, идеяларды таратып, жастардың жұмысқа, оқуға белсенділік танытпау себептері, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдары қарастырылды.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.