Оралдық жұмыссыздар назарына!
Орал қаласында, 31 тамыз күні «Адырна» ҚҚ ұйымдастырумен белгілі кәсіпкермен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болмақ.
Іс-шара спикері “Жанат” дүкендер желісінің құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Айнагүл Барисқызы болды.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.
Кездесуге келген Орал қаласында “Жанат” дүкендер желісінің құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Айнагүл Барисқызы өз өмір-тәжірибесінен жастарды жігерлендіретін көптеген мысалдар келтірді. ”Туған бауырыммен бірлесіп кәсіп бастадық. Осы күнге жеткенге дейін мың рет құлап, мың рет тұрдық. Оңай болмады. Ешқашан берілмедік. Болашаққа деген сенімді жоғалтпадық. Ақырында аяқтан тұрдық” дейді Айнагүл ханым.
Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында өтеді.