Бекзат АЛТЫНБЕКОВ: Тәуекел ете білу — жетістікке жетелейді
«Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясындағы кезекті кездесу Қарағанды қаласында өтті.
NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері бойынша болған кездесу 30 мамыр күні Қарағанды қаласындағы, “Аманат” партиясының ғимаратында өтті.
Кездесу спикері Қарағанды қаласындағы белгілі кәсіпкер, меценат Бекзат Алтынбеков болды. Кездесу барысында Арқа жастары кәсіпкерге өздерінің бастамалары, кәсіптік жолдағы алғашқы жоспардарын айтып ақыл сұрап, ойларын мазалаған сұрақтарына жауап алды.
“Мен ең әуелі кәсібімді қаржылық қажеттіліктен бастадым. Кішкентайымнан жоқшылықты да, таршылықты да, отбасымызбен қиындықты да көрдік. Осының бәрі мен қажырланып жетілуіме, болашаққа нақты мақсат қоя білуіме себепші болды. Мен көрген қиындықты менен кейінгілео көрмейді деп серт еттім. Сол желеумен жастайымнан жоспарлар құрып, кәсіптік мансабымда нақты әрекеттер жасай бастады. Тәубе, әйьеуір бүгінде жемісін жеп отырмын. Сондықтан айтарым жас буынға, әуелі сіз қажеттілікті белгілі бір деңгейде көрген болсаңыз ол сізді демеуге, қайрауға септігін тигізері анық” деді Бекзат мырза.
Сонымен қатар, кездесудегі жастар кәсіпкерге өздерінің құрған бизнес-жоспарларын көрсетті. Кем-кетік тұстарын түзетп беруін өтініп, сауалдарын қойды. Бекзат Алтынбеков шара аяқталған соң болашағы бар деп таныған бизнес жоспар жасаушыларға жеке қолдау танытатындығын айтып, жастарға демеу берді.
“Ең бастысы қолымнан келмей қалады деп қорықпаңдар. Тәуекел ете білу жетістікке жетелейді. Болмай қалған жағдайдың өзінде бір плюс — сендер сабақ адасыңдар. Сабақ алудың өзі – үлкен жеңіс” деді ол.