Скачать Мектебім Айкерім Қалаубаева (2019) текст песни

0
1641

Бақыттың самғасамда көгіндей шын
Мектебім жүрегімнің төріндесің
Өзіңнен бастау алған бала сезім
Білемін еш уақытта жеңілмесін
Өмірдің қол созғанмен жаңасына
Өткеннің кім жете алар бағасына
Кешегі арман қуған көк алыстан
Кеттің-ау сағым жылдар арасына

Қайырмасы
Мектебім сағынышым балалалығымның тәңірісің
Шуақты күндердің жұлдызды түндердің
Сәуледей болған жарығысың
Шуақты күндердің жұлдызды түндердің
Сәуледей болған жарығысың

Ұстазым ұғындырып даналығын
Баршаның елестеткен бала күнін
Көлгөсір көңіліңнен айналайын
Кешірген баланың бар шалалығы

Қайырмасы
Мектебім сағынышым балалалығымның тәңірісің
Шуақты күндердің жұлдызды түндердің
Сәуледей болған жарығысың
Шуақты күндердің жұлдызды түндердің
Сәуледей болған жарығысың

айкерім, қалаубаева, әйгерім, айгерим, айгерім, калаубаева, Мектебім, Мектебим скачать, қазақша әндер 2019