Қайрат Нұртас & Айдана Меденова Бақытты жандармыз (2019) скачать, текст песни

0

  Скачать

Біздер ғашық болғанбыз, сонау бір шақтарда,
Көктем көңіл бұлбұлдай, сайраған бақтарда.
Кеудемізде балауса, бал сезім гүл ашып,
Әппақ арман, ақ шуақ таңдарға ұласып.

Өмір қандай көңілді, тамаша тәтті еді,
Болмаушы еді өкпе, наз, өкініш, әттеңі.
Ойда жоқта белгісіз арамыз ажырап.
Махаббатың жабырқау, жабылды дәптері.

[Қайырмасы:]
Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.

Кеткен еді мәңгіге арамыз алыстап,
Тұрсын бүгін алдымда, гүл шоғын тағы ұстап,
Өмір-өзен сезімді толқындай шайқаған.
Бөлмесе екен, бұл тағдыр біздерді қайтадан.

[Қайырмасы:]
Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.

Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.

Әні: А.Мұхамедиұлы
Сөзі:И.Исаев
Қайрат Нұртас & Айдана Меденова Бақытты жандармыз текст песни, Кайрат Нуртас Бакытты жандармыз текст песни, Қайрат Нұртас 2019, Бақытты жандармыз скачать, Кайрат Нуртас Бакытты жандармыз