Елжас Төре Бойдақ скачать, текст песни

0
Әні : Мұхит Қасқырбаев

Сөзі : Ел-Нұр Әлімбай [QBA]

Сен бойдақсың мен бойдақ
Шаршап жүрмін күнд(е) ойлап
Бақытыма бастар жол қайда
Шын ғашықтар қосылмайды
Біздерге де осындайды
Жазды ме екен тағдыр маңдайға …

Сен жалғызсың мен жалғыз
Мені баурап алған қыз
Сүймегенді жүрек таңдай ма
Саусағыңа жүзік салып
Махаббатқа күйіп-жанып
Келіншегім етсем болмай ма …

Қайырмасы :

Бір екі үш төрт
Сезіміңмен өртеп өт
Сыйламаған сірә талайға …

Бес алты жеті сегіз
Біздер ертең үйленеміз
Сен келісім берші жарай ма …

Сенде жассың менде жас
Айтқанымның бәрі рас
Қиял шіркін ұйқымды ұрлады
Сен отырсаң бала бағып
Ал мен нәпақасын тауып
Осы емес пе өмірдің мәні …

Егер саған үйленсем
Адал жардан сый көрсем
Көтерілер көңіл-күйім шын
Бас қосылып бастарына
Қазағымның жастарына
Өз сыңарын табу бұйырсын …

Қайырмасы :

Бір екі үш төрт
Би алаңда болып өрт
Таусылмасын жастардың әні …

Бес алты жеті сегіз
Жұрт білдіріп тілек лебіз
Шын ғашықтар төрге шығады …

Елжас Төре, Елжас Торе, Бойдақ, Бойдак mp3 скачать, текст песни, 2018