Дулат Жасұзақ Мендік сезім текст песни

0

 

Сенің көзің от дейді,

Сенің сөзің шоқ дейді.

Сендей ару бұл құрлық та

Жоқ, жоқ дейді.

Бола берсін көп мейлі,
Оның сөзі өтпейді
Жолыңдағы, соның бәрі
Саған жетпейді…
Ұмытпадым, қылықтарың
Көзден кетпейді…

[Қайырмасы]
Келші, қалшы, күнім сен қасымда,
Сенші, сүйдім, күйдім мен расында
Сен керексің мәңгі менің жаныма
Үміт беріп өтер, уақытты біл,
Күліп келіп мені бақытты қыл
Күте, күте жүрмін сені сағына

Сұлулығы көзіңнің,
Жылулығы сөзіңнің
Оятушы кейіпкері
Мендік сезімнің

Сен лайықсың дәл маған,
От жанары лаулаған
Бірақ жүрек сұлулығы
Жанды жаулаған
Тең болар сен, сен боларсың
Мәңгі жар маған.

Дулат Жасұзақ, Дулат Жасузак, Мендік сезім, Мендик сезим mp3 скачать, текст песни, 2019