Жириновскийдің жағдайы мүшкіл

0
689

Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының төрағасы, әйгілі шовинист Владимир Жириновский короновирус жұқтырып алып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бұл туралы ТАСС хабарлады. 
ТАСС-тың хабарлауынша, 75 жастағы Жириновскийді жедел жәрдеммен Мәскеудің орталық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізген. Кейбір деректерге қарағанда, оның өкпесінің 75 пайызы қабынған.
«Владимир Вольфович қазір ауруханада. Жағдайы ауыр. Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған. Оның Орталық клиникалық ауруханада жатқанына екі күн болды», – депті ақпарат көзі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жириновскийдің ауруханаға түскені, тіпті оның о дүниеге аттанып кеткені туралы деректер тараған. Ал либерал-демократтардың айтуынша, ол қазір ауруханада мүшкіл халде жатқанына қарамастан, жұмыс істеп жатқан көрінеді…