Жер туралы даудың соңғы тағы 5 жылға мораторий жариялаумен аяқталды (видео)

0

2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен кеңесте елдегі жаппай қарсылық акцияларынан кейін жер кодексінің даулы баптарының күшін уақытша тоқтатуға шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Яғни жер кодексінің күшіне енуіне 5 жылға мораторий жариялады.

2021 жылы осы шектеу уақыты бітті. Жерді шетелдіктерге жалға беру, сату бойынша дау халық арасында тағы қызу пікірталасқа ұласып, соңы жаппай митингке жалғасты.

24 сәуір күнгі жер комиссиясының соңғы отырысының қорытындысы бойынша даулы баптарға тағы 5 жыл мораторий жарияланған. Бұл туралы комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан айтты.

«Жер комиссиясынан шықтым. Жердің жеке меншігі мәселесіне тағы да 5 жылға шектеу енгізілді. Былай қарасақ бұл түбегейлі шешім емес әрине. Басқа жағынан қарасақ жерді сатуға жол бермедік. Осы 5 жылды бұл мәселені тағы бақылауда ұстаймыз» деді Мұхтар Тайжан.