Желіде Сағынтаевтың көлігіне жасалған шабуылдың видеосы тарады

0

Алматы әкімінің кортежіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Caravan.kz порталына сілтеме жасап.

«Көліктер Әл-Фарабиден Назарбаев даңғылына қарай төмен түскен сәтте жолаушылар оқ астында қалды.

Оқ жаудыру нәтижесінде спорт басқармасының басшысы, дін басқармасының басшысы, қала әкімінің жүргізушісі, «Алматы» телеарнасының операторы жарақат алды.

Оқиға барысында «Алматы» телеарнасының жүргізушісі көз жұмды», — деп жазылды видео астында.