«Жаным, сағындым сені». Түрмеден шыққан бозбала мен әжесінің кездескен сәті жүректі елжіретті (видео)

0

Ақтөбеде 15 жастағы сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскен 17 жастағы бозбаланың бостандыққа шыққан сәтінен видео жарияланды.

Кәмелеттік жасқа толмаған оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 17 жастағы бозбаланың ісі апелляциялық тәртіпте қайта қаралды.

«Т-ның 2005 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған А.-мен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскені сотталушының өзі, сондай-ақ, жәбірленуші, оның заңды өкілі, куәгерлер, сот сараптамаларының нәтижелері арқылы толық дәлелденді», — делінген хабарламада.

Егер сотталушы 16 жасқа толған болса, ал жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаған болса, алғашқысы жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, егер олар жыныстық қатынасқа бірнеше рет түскен болса, 16 жастан асқан азамат 10 жылдан бастап 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Десе де ерекше жағдайларда Заң жұмсақ жаза тағайындай алады.

«Сот алқасы Т.-ның кәмелеттік жасқа толмағанын, оның ісі үшін өкінетінін, жәбірленуші мен заңды өкілінің пікірін ескере отырып, жұмсақ жаза тағайындауға болады деп таныды», — делінген сот хабарламасында.

Сот жасөспірімнің бостандығын 1,5 жылға шектеп, оны босатты.

Сөмкесін арқалап мекемеден шыққан бозбаланы бірнеше адам күтіп алды. Ұлын көрген анасы көз жасын тия алмады. Бұдан кейін оның үйінде әжесі мен екі кішкене қыз күтіп отырды.

Әжесі құшағына басып «Жаным, жаным, жаным, сағындым» деумен болды. Қазақстандықтар видеоның жүректі елжіреткенін жарыса жазып жатыр.