Home Басты тақырып «Вакцинация міндетті түрде қажет»: Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

«Вакцинация міндетті түрде қажет»: Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

0
110
Сурет: https://www.gov.kz/
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мереке қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасап, вакцинацияның аса маңызды екенін атап өтті.
«Құрметті қазақстандықтар!
Мерекелік демалыс күндері қарсаңында тағы да естеріңізге сала кеткім келеді.
Күз бен көктемде жіті респираторлық вирустық инфекция (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және басқалары) асқынады.
Қазір ЖРВИ маусымы жалғасуда, сондықтан сырқаттану қауіпі сейілген жоқ.
Қыркүйек пен қаңтар аралығында елімізде таралған КВИ вирусын геномдық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың («Британдық», «Оңтүстік Африка», «Бразилиялық») жаңа штамы анықталған жоқ.
Алайда, халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге шығатын ел азаматтары (еңбек көші-қоны, оқыту, емдеу, туризм), сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн. Яғни, коронавирус инфекциясының жаңа штаммдарын тасымалдау қаупі де артады деген сөз.
Әлеуметтік-экономикалық нысандардағы шектеу шараларының жеңілдетілуі, халықтың белсенділігі (әлеуметтік арақашықтық, маска тағу режимі және т.б. сақталмайды) коронавирус инфекциясының таралу қаупін үдетуі мүмкін.
Америкалық және ресейлік ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне сәйкес, коронавирус инфекциясымен ауыратындардың тек 10-15 пайызында тұрақты иммунитет қалыптасқан.
COVID-19 жұқтырған науқастарда иммунитет пациенттің жасына қарай қалыптасады: иммунитет балаларда жақсы дамиды – кәмелетке толмағандар арасында иммунитет шамамен 20% болады. 18-ден асқан адамдарда -14%, 65 жастан асқандарда -11%. 40%-да иммунитет өте әлсіз және инфекция қайталанғанда көмектесе алмайды.
Иммунитеттің сақталу ұзақтығына қатысты ғылыми дәлелденген дерек жоқ, сондықтан Covid-19-дан сауыққан адамдарда ауруды қайта жұқтыру мүмкіндігі күн сайын артып келеді.
Айта кету керек, карантинге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ғана балама бола алады.
2021 жылдың 1 ақпанынан елімізде КВИ-ге қарсы «Спутник V» екпесімен вакцинация басталды. Вакцинация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бірінші кезекте, коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату қаупі жоғары азаматтар (медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері) екпе салдырады.
Сәуір айынан халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқандар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялау жоспарлануда.
Егер халық жаппай КВИ-ге қарсы профилактикалық екпе салдырса, ұжымдық иммунитет қалыптасады және инфекцияның таралуын тоқтатуға мүмкіндік туады.
Құрметті қазақстандықтар, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі де жоғары!
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін мынадай сақтық шараларын сақтауды сұраймын:
– адам көп жиналатын орындарға бармаңыздар;
– ұжымдық іс-шара, мерейтой, корпоративтік жиын жасауға болмайды;
– ағзаңызға суық тигізіп алмауға тырысыңыз;
– өзгелерге қауіп төндірмеу үшін жақындарыңызбен алыстан араласыңыздар, заманауи байланыс құралдарымен хабарласқан дұрыс.
Пандемия әлі де жалғасуда, вирус жеңілген жоқ, сондықтан әр адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарау керек. Өзгелерге ауру жұқтырмаудың жолын іздеген дұрыс, маска киіп, әлеуметтік арақашықтық және гигиена талаптарын сақтауға шақырамын. Әрине, міндетті түрде вакцинация да қажет», – деді ол.