Уоррен Баффет: Әлемге пандемиядан кейін тағы бір апат күтіп тұр

0

Коронавирустық пандемиядан кейін әлем бірдей жойқын сынақтар мен тәуекелдерге тап болады. 90 жастағы американдық кәсіпкер, Berkshire Hathaway директоры Уоррен Баффет осылай дейді, деп хабарлады CNBC.

Ол пандемия «ең жаман проблема емес» екеніне сенімді, дегенмен көптеген компаниялар, кәсіпорындар мен адамдар зардап шекті. Американдық кәсіпкердің айтуынша, оның пандемия аясында жасаған басты қорытындысы — әлемнің төтенше жағдайға дайындық деңгейі апатты түрде төмен болып шықты.

«Бірақ ең бастысы — пандемия жалғасады және бұл болашақта бізді күтуі мүмкін ең жаман нәрсе емес», — деп қосты Баффет. Ол бүгінде биологиялық қана емес, сонымен бірге ядролық, химиялық және кибер қауіптер бар екенін еске салды және олардың әрқайсысының өзіндік жойқын салдары бар. Осының аясында адамзат жаңа, одан да қорқынышты апаттарға дайындалуы керек.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты