Ұлттық банк: Халықтың несиесі кешірілмейді
Ұлттық банк несиеге кешіріледі деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz.
«Кредитке амнистия жасалады деген сарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады», — деп хабарлады ҰБ-дан.
ҰБ өкілдері қажетті кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болатынын хабарлады.
Еске сала кетсек, кеше Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев азаматтардың берешегі өтіп кеткен 199 млрд теңгелік несиесін кешіріп, оларға рақымшылық жасауды талап еткен еді.
Осы талапты депутаттар үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смаиыловқа қойған.
Оның айтуынша, Қазақстан халқының банктердің алдындағы қарызы көбейіп бара жатыр. Қазіргі таңда халықтың 27 пайызы банктер борышкер, Ипотекалық несиелелер берешегі 2,7 трлн теңгеге жеткен. Тұтынушылық мақсаттағы несиелер 5,19 трлн теңгеге жетсе, мерзімі өткен берешек 199 млрд теңгені құрап отыр.