Үкімет қашан отставкаға кетеді? Тоғжановтың жауабы (ВИДЕО)
«Үкімет қашан отставкаға кетеді?» деген сұраққа бүгін Ералы Тоғжановтың жауап беруіне тура келді, деп хабарлайды kznews.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Вице-премьердің атқарылып жатқан шаруаларға көңілі толады екен. Сондықтан отставкаға асығып отырған жоқ.
Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:
«Жұмыспен қамтуға байланысты жоспардың толық орындалуын көрдіңіздер. Эпидахуалға қатысты жағдайдың бәрін көріп жатсыздар. Сондықтан Құдайға шүкір. Мұны жасалынып жатқан үлкен жұмыстардың нақты нәтижесі деп қарастыру керек.Оның бағасын Президент береді, халық береді».
Үкіметтің отставкасы туралы өткен аптадан бері айтылып жүр. Мәжілістің отырысынан кейін тілшілер мұны премьер-министр Асқар Мәминнің өзінен сұрап көрмек болған. Алайда Үкімет басшысы қаша жөнелді.
Соңғы кезде атқарушы биліктің жұмысына халықтың көңілі толмайды. Жанармай, азық-түлік пен тұрғын үй құнының тоқтаусыз өсуі қазір өзекті. Ал Мәмин бастаған Министрлер кабинеті мұнымен қалай күреседі, оның барлығы жабулы қазан күйінде.
Қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында өз міндетін орындай алмағандардың орынтағынан кетуін сұраған-ды.