Түркістан облысында Сырдария өзеніне 11 адам батып кетті

0
Түркістан облысында Сырдария өзеніндегі көпір маңында 11 адам суға батып кетті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

ТЖД күштері судан алты мәйітті шығарды, тағы бес адамды іздеу жалғасып жатыр. Қазір қаза болғандардың жеке басы мен жасы анықталып жатыр, деп хабарлады ведомство.

Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылған, сенім телефоны 8-7253-357881 жұмыс істеп тұр.

Кейінірек судан тағы екі адамның мәйіті табылғаны хабарланды.