Тоқаевтың інісі «Қазақстан халқына» қорына 100 миллион теңге аударды

0
Кәсіпкер Мұхамед Ізбастин «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 100 миллион теңге аударды, деп хабарлады kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.
Барлығы 2022 жылдың 16 қаңтары мен 25 қаңтары аралығында қоғамдық қорға 130 заңды тұлғалар мен ірі кәсіпкерлерден 42,1 миллиард теңге аударылды.
Мұхамед Ізбастиннің әкесі – Қазақстанның Болгариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Теміртай Ізбастин, анасы – Қарлыға Ізбастин, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әпкесі.
Мұхамед Ізбастин де қаңтардың ортасында «Бәйтерек» ұлттық холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен Қаныш Ізбастиннің ағасы.
«Қазақстан халқы» қоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды.
Бұған дейін президент қор жұмысы «ашық болатынын» айтқан.