Тоқаев сотқа адам аларда жеке қасиеттерін ескеруге кеңес берді

0
18
azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еләімізде сот жүйесі ашық жүргізілуі тиіс екенін жеткізді.

Осы орайда президент білікті мамандар тарту мәселесін қозғап, сот жүйесі жаңаратынын түсіндірді.

«Сот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс. Сондықтан, сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлерді іріктеген кезде олардың кәсіби тәжірибесімен қатар, жеке қасиеттерін де ескерген абзал», — дейді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы азаматтардың құқығын қорғаудың маңыздылығын атады.

«Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл — аксиома, ақиқат. Осы орайда, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек», — дейді президент.