Тоқаев шетелдіктерге жер сатуға заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды

0

Шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынады. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп жазады Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасы.

Президен халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды екенін жеткізді.

«Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан, мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда мемлекет басшысы тиісті заң жобасын дайындау туралы сөз қозғады.

«Мен мұны Президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек»,- деді Қазақстанның президенті.