Тоқаев шенеуніктердің жылу беру маусымына дайындығын тексеруді тапсырды

0
60

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.