Тоқаев сайлауда «бәріне қарсымын» деген бөлік енгізуді сұрады

0
53
Сурет: kaz.365info.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында партия сайлауы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады», – дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы халық ұсынылғандардың барлығына қарсы дауыс бере алуы кеек екенін айтты.

«Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн», – дейді мемлекет басшысы. 

Оған қоса, Тоқаев билік мінберіне сауатты, білімді азаматтар келуі керек екенін айтты. Бі

«Кейбір партиялардың мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпей қалды. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген, білімді, білікті азаматтар бар. Солар парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселелерді дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді.», – дейді Тоқаев. 

«Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік. Парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Осылайша, еліміздегі көппартиялықты дамытуға және парламентаризмді нығайтуға едәуір серпін бердік», – дейді Тоқаев.