Тоқаев Қазақстан Даму банкінің басшысын қызметтен кетірді
ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
«Жалғыз акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың «Қазақстанның даму банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 25.01.2022 жылдан бастап ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды», — делінген хабарламада.