Тоқаев Назарбаевқа жаңа қызмет ұсынды

0
1501

Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтуде деп хабарлайды Kznews.kz ақпараттық порталы Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Отырысқа 11 Азия мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері қатысуда. Данагөйлер кеңесі туралы құжатты бүгін  қабылдауымыз қажет. Қатысушы мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдап отыр. Қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттар ұсынылуда. Бүгін біз Данагөйлер кеңесінің жаңа ережесін бекітеміз,- дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

Кездесу барысында АӨІСШК Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды.

Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды, – деді  Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы конференциясы 11-12 қазан аралығында өтеді.