Тоқаев Назарбаевқа жаңа қызмет ұсынды

Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтуде деп хабарлайды Kznews.kz ақпараттық порталы Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Отырысқа 11 Азия мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері қатысуда. Данагөйлер кеңесі туралы құжатты бүгін қабылдауымыз қажет. Қатысушы мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдап отыр. Қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттар ұсынылуда. Бүгін біз Данагөйлер кеңесінің жаңа ережесін бекітеміз,- дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.
Кездесу барысында АӨІСШК Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды.
Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды, — деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.
Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы конференциясы 11-12 қазан аралығында өтеді.