Тоқаев: Елбасы туралы заңның қажеті шамалы

0

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін берген сұхбатында өзі қол қойған маңызды заң жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елбасы туралы қабылданған заң Тоқаевтың қолымен өз күшін жойған еді.

– Бұл түсінікті нәрсе. Бұрын осындай заңдар қабылданды. Қазіргі таңда, олардың қажеттілігі шамалы. Оны ашық мойындауымыз керек. Келешекте осындай заңдарды қабылдаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұрын оқылықтары болсада – бұл біздің тарихымыз. Ал тарихтан сабақ алу – бәріміздің борышымыз. Біздің мақсатымыз – еліміздің болашағы, өскелен ұрпақ туралы ойлау. Басқа сөз жоқ, – деді мемлекет басшысы.