Тоқаев 2025 жылға дейін қазақстандықтардың жалақысын 27% арттырмақ

0
144
Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай Қазақстан халқының нақты ақшалай кірістерін 2019 жылғы деңгейден кем дегенде 27%-ға арттыруды көздеп отыр.

26 ақпан күні президент «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы» жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық басымдықтары ретінде келесілер айқындалған:

1-бағыт. «Азаматтардың амандығы»:

1) «Әділ әлеуметтік саясат»;

2) «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі»;

3) «Сапалы білім»; 2-бағыт. «Институттардың сапасы»:

4) «Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет»;

5) «Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі»;

6) «Патриотизм құндылықтарын тәрбиелеу»;

7) «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту»; 3-бағыт. «Қуатты экономика»:

8) «Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру»;

9) «Экономикалық және сауда дипломатиясының белсенді дамуы»;

10) «Теңгерімді аумақтық даму».

«Азаматтардың амандығы» бағыты бойынша халықтың нақты ақшалай кірісінің өсімін 2019 жылғы деңгейден кемінде 27%-ға арттыру ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру жоспарланған.