Тайлер Винклевосс: Bitcoin бағасы алдағы бес жылда 500 000 долларға дейін көтеріледі

0

Gemini криптовалюта биржасының басшысы Тайлер Винклевосс биткоинды «алтын 2.0» деп атап, алдағы бес жылда активтің бағасы 500 000 долларға дейін көтерілетінін айтты.

«Біздің ойымызша, бұл көрсеткіш 10 триллион долларға жеткенде бір биткоин 500 000 доллар болады. Бұл онжылдықта, бәлкім, алдағы бес жылда болуы мүмкін. Біз баға кем дегенде 500 000 долларға көтерілгенге дейін сатып алуға дайынбыз », — деп қосты ол.

Винклевосс актив көздеген белгіге жеткеннен кейін инвесторлар оны сатудың қажеті болмайтынын атап өтті — олар криптовалюта кепілімен несие ала алады.