Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Лукашенкомен келіссөз жүргізгенін құптамайды

0

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың телефон арқылы екі елдің қарым-қатынасын талқылағанына қатысты тілшілер сұрағына жауап берді.

«Беларусь Президенті Тұңғыш Президенттің көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», — деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Беларусь елі арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие.

«Күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ. Екі ел арасындағы барлық деңгейдегі тұрақты және басқа да байланыстар сақталады», — дейді ол.