Шымкентте аттракционда ер адам қайтыс болды (Видео)
Шымкенттегі «Қиял әлемі» технопаркінде 50 жас шамасындағы ер адам аттракционда қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Хабар-24 телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жүрек талмасы ұстап, инфаркт болуы мүмкін деген алғашқы болжамын жасады. Ал бұл жағдайға оқиға орнындағы куәгерлер парк қызметкерлерінің салғырттығы да себеп болуы мүмкін дейді. Яғни алып саябақта алғашқы көмек көрсетуі тиіс мамандардың жоқтығы жедел әрекет етуге қолбайлау болған. Қызметкерлер қарапайым дәрі-дәрмек қобдишасын таппай біраз уақыт сандалғандарын айтады.
Мұндай қайғылы жағдай «Қиял әлемі» технопаркіндегі алғашқы оқиға емес. Осы жылдың мамыр айында 17 жастағы парк қызметкері де жедел жәрдем қызметкерлері жетпей жатып, қайтыс болған еді.