Шортандыдағы жарылыс: 13 жасар бала ауруханада көз жұмды

0

Ақмола облысы Шортанды кентінде болған қайғылы оқиғада зардап шеккен 13 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2021 жылғы 20 қарашада сағат 21.34-те Шортанды кентінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен 2008 жылы туған Ж.О. кәмелетке толмаған бала Нұр — Сұлтан қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды.