Сапарбаевтың орынбасары Түркістанға «түйемен» шықты (ФОТО)
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапрбаевтың орынбасары Дәулет Кәрібек пен облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай үнемі сынға ілініп жүр. Дәулет Кәрібек өңірден шыққан Мәмбет Қойгелді секілді азаматтардың мерейтойын назардан тыс қалдырса, «МузАрттың» экс-продюсері 2 млн теңгеге 2 микрофонды жалға алып айды аспанға шығарды. Аталған азаматтар енді Түркістан облысына түйе керуен ұйымдастырып тағы сынның астында қалып отыр. Әулиеаталық журналист Жасұлан Әбдіхалықтың сыны орынды болған соң сайтымызға оның жазбасын жариялап отырмыз.
Дәулет Кәрібек пен Ерлан Жүніске «мәдениет деген түйемен керуен тарту емес» деп айтатын адам бар ма? Біздің бала бас идеологтың өз басында идея болмағасын әлдеқашан тізесі шығып кеткен бірдеңелерді қайталап әлек!
Түркістанда өтетін Жамбылдың күндеріне түйемен керуен кетіп барады. Бірнеше жыл бұрын Экспоға — Тараздан көш-керуен аттанып бір ай сапар шеккен. Оның кәдімгідей маңызы бар еді. Шет елдік қонақтарға көшпенділердің өмір салтын көрсету, дәстүрін насихаттау деген.
Бұл жолғыларыңа не жорық?
Сапарбаев басқаратын облыс түйемен келмесе Шөккеев басқаратын облыс қабылдамаймыз деген бе, әлде??
Не деген тыраштық!?
Әгәраки Дәулет Кәрібек пен Ерлан Жүнісбек екеуі екі түйеге мініп керуенді бастап Түркістанға дейін арып-ашып жүріп барса жөн басқа. Бәрекелді дер едік.
Ал мына показухаларың кімге керек?
Қаладан шыққанша түйе мініп, улап-шулап, видео, фото үшін инисинировка жасап былай шыға ол түйелерді итшілеп камазға басасыңдар. Одан Түркістанға жақындағанда тағы итшілеп түсіріп улап-шулап тағы фото, видео.
Әлде шынымен жолда керуен кетіп бара ма?))
Не деген көтен зорлық!
Қаншама адамды ақ қар көк мұзда әурелеп, қаншама жабдық, қаншама қаражатты желге ұшырып желбіреп жүрсіңдер. Бір көш емес, бір түйенің өзін Түркістанға жеткізудің машақатын білесіңдер ме өзі? Қайтуың тағы бар!
Дәл қазір қарамағыңдағы қызметкерлер, біреуінің түйесі жүрмей, қырсығы камазға мінбей, садыра-садыра боққа батып, сырттарыңнан сыпыра боқтап жатқанын сезесіңдер ме? Сезбейсіңдер ау. Себебі, сендер бір-бір джиппен жайлы жетіп алдыңдар. Ақыры осындай показуха жасаған екенсіңдер, Түркістаннан да төрт-бес түйе табылар еді ғой. Сол жақтан жалға алып, жарнамалап кіре салмадыңдар ма?
Ал, осы мәдени машақаттарыңа неше қаражат кетті. Кемі 20-30 лимон.
Ақша таппай Руханияттың интернет, комуслугасына керек қаражатты да құйып жібердіңдер -ау. 3 млн айтам..))
Ақшасы да құрысыншы «мәдениет деген түйемен керуен тарту» дегенді кім ойлап тапты? Еще, түйесі жоқ облыста!
Ата бабамызда поезд, мәшине, ұшақ болғанда дәл сендердей итшілеп түйе мініп жүрмес еді. Заманына сай зулап барар еді. Жарықтықтар ана жақта жатып, әумесерліктеріңе күйіп жатқан шығар?
Адам деген кішкене ойлану керек шығар?
Қаражатты қайда шашарларыңды білмей жүрсеңдер оны да айтайын.
Ақселеу Сейдімбек, Оралхан Бөкей, Фариза Оңғарсыноваға да туған үш өңірі төбесіне көтеріп ескерткіш орнатып қойды, әлдеқашан!
Ал осы үш алыпты тәрбиелеген үлкен алып Шерхан Мұртазаға ескерткіш тұрмақ, туған күні мен өлген күнін адамша атап өте алмай жүрміз. Мына күлкі керуендеріңе кететін 20-30 миллионға Шерағаға еңселі ескерткіш орнатсақ болмас па еді..
Әлде, мұндай мәрттік жасау үшін облысты басқарғандар Шерағаның руынан болуы керек пе? Эйфел мұнарасын салғанша, Шерағаның мұрасын жаңғыртайық та шырақтарым -ау!
Жан-жақтарыңа қарап, ыңғайсызданбайсыңдар ма осы?
Дәулет Кәрібек пен Ерлан Жүнісбайдыкі түсінікті. Келіп күлдіріп, кетіп қуантатын адамдар!
Алмас Садубаев саған не жорық! Облыстың идеологиясына жауапты білдей басқармаға бардың. Айтсай ана ақылды бастарға! Республика көрген баласың, үйретсей Дәулет Кәрібекке!
P.S. Бала бастық атанған Дәулет Кәрібек Мәмбет Қойгелді секілді алаштанушы ғалымның 75 жас мерейтойын назардан тыс қалдырған болатын. Сондай-ақ иделонияға жауапты азамат өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің мерейтойына назар аудармайды екен. «Басшылыққа жас азамат келді» деп қуанған жамбылдықтан «Дәулет Кәрібектен шал-шауқандар жақсы еді ғой» деп күрсініп жүр.
Серғали Асланбек