Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

0

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды kznews.kz сайты olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Ол 51 келі салмақ дәрежесінде Белград  шаршы алаңына шықты. Әлем чемпионатының финалында қазақстандық Сәкен Бибосынов  америкалық Рискоу Хиллмен кездесті. Екеуара тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Сәкеннің еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде бар.