Роман Скляр Қытайда өткен халықаралық шарада қазақ тілінде сөйледі

0

ҚХР-да өткен маңызды халықаралық шарада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр қазақ тілінде сөз сөйледі. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде, әсіресе, TikTok платформасында кеңінен таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Оның қазақ тілінде сөйлеуі көрермендер тарапынан оң пікірлерге ие болып, мемлекеттік тілге деген құрметтің белгісі ретінде қабылданды.