Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.