Ресей зымыран бөлшектері қазақ жеріне құламайды: Мемлекет келісімнен бас тартты

0
493

Қазақстан Ресеймен зымыран бөлшектерін құлау алаңы туралы келісімнен бас тартты, деп хабарлайды агенттік.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Домбаровский позициясынан зымырандарды ұшыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында жер учаскесін пайдаланып зымырандарды ұшыру кезінде өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы Ресей Федерациясының Үкіметіне хабарлайды», – делінген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің қаулысында.

Айта кетейік, бұл келісім 2015 жылы жасалған.

Көрсетілгендей, қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз