Ресей супердержава болуды тоқтатты ма?
Ресей сыртқы істер министрі Ресейдің супердержавалық амбициялар жоқ екенін айтты. Лавров Ресей алпауыт держава емес екенін және өз күн тәртібін бүкіл планетада өз ықпалын таратқысы келмейтінін айтты.
«Айтпақшы, біреу өзін және басқаларын керісінше қалай сендіруге тырысса да, бізде алпауыт күштердің амбициясы жоқ. Бізде батыстық әріптестеріміз сияқты өздерінің демократиялық құндылықтарын бүкіл ғаламшарға таратуға тырысатын мессиандық құлшыныс жоқ. Бізге дамудың моделін сырттан таңу жақсылыққа апармайтындығы бұрыннан белгілі болды», — деді Лавров Примаков оқуларында.
Ол қазіргі әлемдік тәртіп Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен державалардың келісімдерінің жиынтығы екенін баса айтты. Ресей бұл соғыстың нәтижесіне күмән келтіргісі келетіндерге қарсы болды. «Біз тарихтың табиғи бағытын өзгертуге тырысқысы келетіндермен ойнай алмаймыз және ойнамаймыз», — деп қосты Лавров.
Бірақ, былтыр желтоқсан айында ресейлік журналист пен саясаткері Максим Шевченко Tengrinews.kz сайтына сұхбат берді және РФ Мемлекетік Думасы депутаттарының Қазақстан территориясы туралы сала-құлаш сөздеріне қатысты түсініктеме беріп, өз пікірін айтыпты.
«Мен бұл кездейсоқ мәлімдеме емес, Ресей билігінің көршілерін қорқыту және «аға мен іні» жағдайын туғызу үшін жасап отырған империалистік бағыттың жалғасы деп санаймын. Олардың ойларынша, Ресей барлығына «аға» да, қалғандары сол Ресейдің бар болғаны үшін оларға қарыздар-мыс.
Ресей мемлекеті Қазақстанға Тәуелсіздік берді» дегенді Никонов ойлап тапқан жоқ. Мемлекеттік Думаның вице-спикері Петр Толстой орыс-түрік диалогы тек Куликово шайқасымен шектелетінін, айтты. Федоров та осыған өзінің бес тиындық ойын қосты.
Сондықтан, менің ойымша, посткеңестік кеңістікте ұзақ уақыт жұмсақ күшке («soft power») жауапты болған «Русский мир» қорының басшысы Никоновтың сөзі кездейсоқ емес. Бұл Анатолий Чубайс айтқандай либералды империя форматындағы Ресей империализмін қалпына келтіру жөніндегі ортақ жолдың жалғасы».
Бүгінгі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы туралы:
«Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында. Иә, бұл тек Назарбаевтың сіңірген еңбегі. Ресейдің еңбегі жоқ. Ресейден тек дөрекі, қорлау және ерсі сөздер шығады. 1990 жылдардан бастап… Роскосмостың қазіргі басшысы Дмитрий Рогозин солтүстік аумақтарды Қазақстаннан тартып алуға ашық шыққан орыс қауымдастықтары конгресін басқарған кезден бастап, Жириновскийдің мәлімдемелері, Лимоновтың Қазақстанға басып кіру әрекеті, партизандық қозғалысты көтеру әрекеті т.б. соның дәлелі».
«Мәскеуде отырған бұл алаяқтар біздің Ресейдің нақты тарихы туралы түсініктері жоқ. Тіпті, мектептегі тарих оқулығын оқымағанына, мен сенімдімін. Бірақ, олар газ, мұнай құбырлары мен атомдық ракеталарды басқаратындықтан, өздерін «Наполеон» санайды. Менің ойымша, империализм Мәскеуден келеді».
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты