Қызылордада қураған шөп өртеніп, қаланың бірқатар бөлігін түтін басты
Қызылордада қураған шөптің өртенуі салдарынан қаланың бірқатар бөлігін түтін басып қалды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14.50-де хабарлама келіп түсті.
«Онда Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптің жанып жатқаны жөнінде айтылған. Қазіргі таңда оқиға басында мамандар 4 техникамен өртті сөндіруге күш салып жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнында орман шаруашылығы саласының мамандары бар», — деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.