«Қызыл» аймаққа тағы бір өңір өтті

Сурет: Natalia_Kollegova
Бүгін Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді.
«Сары» аймаққа енген өңірлердің қатарына: Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер — «жасыл» аймақта.
Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.
Еске салсақ, коронавирус жұқтырғандар саны 225 мыңнан асты.