Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао жиналыстан күштеп шығарылып жіберілді
2012 жылы Си Цзиньпинді Қытайдың төрағасы қызметіне жиналыс залынан шығарылып жіберілген Ху Цзиньтао әкелген болатын.
Қытай коммунистік партиясының XX съезінде бір оқыс оқиға болды.
Съезд бітуге жақын қалғанда компартияның бас хатшысы Си Цзиньпинмен бірге қатар отырған елдің бұрынғы бас хатшысы Ху Цзиньтао жиналыс залынан күштеп шығарылып жіберілді.
Съездің қорытындысы бойынша елдегі бүкіл мемлекеттік билік бір адамның қолына, яғни Си Цзиньпинге берілетін болды.
Ал елдің бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао керісінше, билік бір адамның емес, коммунистік партияның орталық комитеті саяси бюросына мүше адамдардың қолында болу керек деген болатын.
Оның бұл ойы іске аспай қалды. Онда коммунистік партияның орталық комитетінің жаңа құрамы сайланып, саяси бюроның тұрақты комитетіне жаңа мүшелері бекітілді.
Бұл қызметке Қытайдың мемлекеттік комитетінің төрағасы Ли Кэцян мен тұрақты комитеттің тағы үш мүшесі қайта сайланбай қалды.
Сонымен бірге жиында Си Цзиньпинді Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы етіп үшінші мерзімге сайлау туралы ұсыныс түсті. Съезде ол үшінші рет бес жылға елдің төрағасы болып сайланды.
Бұған дейін елдің бұрынғы басшылары бес жылдан екі рет төраға болып сайланған еді.