Қытай түрмесінде 13 жыл отырған Зейнолла Рақыжан елге оралды

0
127

Қытай түрмесінде және саяси лагерьде болған Зейнолла Рақыжан Алматыға ұшып келді. Оны әуежайда туыстары мен таныстары, белсенділер қарсы алды.

 

Ақпарат Азаттық Радиосында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Зейнолла Рақыжан 9 сәуірде таңертең Қытайдың Чэнду қаласынан Алматыға ұшып келді. Әуежайда оны отызға жуық адам қарсы алды. Рақыжанды кеден қызметінің өкілдері ұзақ ұстап, жолаушылардың соңынан шығарды.

 

Туыстарымен көрісіп тұрған Зейнолла Рақыжан. Алматы, 9 сәуір 2021
Азаттық Радиосы

— Елге жеткеніме қуаныштымын. Екі елдің достығы мәңгі жасай берсін. Барлығыңның туыстарың шығады. Көп жағдайға вирус кедергі болып тұр. Бәріңнің туыстарыңды жібереді, – деді ол.

Рақыжан Қытайдағы жағдайды айтуға ықылас білдірген жоқ. «Сізге келер алдында Қытай тарабынан қандай да бір ескерту жасалды ма?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді.

Ақпарат бойынша, 58 жастағы Рақыжан Зейнолла Қытайдың Боро-Тала-Монғол автономиялық облысының Арасан ауданына қарасты Қарабұқа кентінде туып-өскен. 2000 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударып, Алматы облысына келіп тұрған.

2004 жылы Шыңжаңға қыдырып барған Рақыжан Зейнолланы полиция ұстап, жауапқа тартқан. Туыстарының айтуынша, «тыңшы» деген айыппен 13 жылға соттап, түрмеге қамаған. Түрмеден шыққан соң саяси лагерде бір жарым жыл отырған. Ол Қытайда да, Қазақстанда да мемлекеттік органдарда қызмет істемеген, тек ұсақ саудамен айналысқан. Бір ұл, бір қызы бар.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету