«Қытай сақшы 16 жасар қазақ қызын 6 жыл зорлап, алты рет түсік тастатқан»
Педагогика және Заң саласының қызметкері Ақмейір Керім Мұса желідегі парақшасында қазақ қызының ауыр тағдыры туралы жантүршігерлік жаңалықты бөлісті.
«45 жастағы Қытай азаматы (сақшы қызметкері) 16 жасар қазақ қызын 6 жыл бойы зорлап алты рет түсік тастатқызған. Дело мәлімдеген қыздың делосын сақшы мекемесі жауапсыз қалдыруда. Біздің нұрлы отанымыз бар осынша қорлық көріп жатырмыз, ал басқаларшы!?» — делінген жазбада.
Аталған жазба желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады.
«Қашанғы масқара бола береміз? Кім болып, не болып бара жатқанымыз сонда?», «Алла жазаларын берсін залымдардың», «Халықты неге ойламайды?» деп жазды желі қолданушылары.
«Көшпейсіңдер ма енді. Или жұмыс үй машинамен қамтамасыз ету керек па?» деп қандастардың өзін айыптағандар да табылды.