Қажыгелдинді елге қайтару – Қазақстанды саяси-экономикалық тығырықтан шығарады
Әкежан Қажыгелдинді елге қайтару Қазақстанды саяси-экономикалық тығырықтан шығарады
Демократиялық қоғамды аңсайтындарға
ҮНДЕУ
Кейбір қазақтар өздерінше сәуейгеленіп, Әкежанның уақыты өтті қартайды енді Арон Атабек, Макс Боқаев, Иманғали Тасмағамбетов, Мұқтар Әблязов секілді жаңа адамдар билікке келуі керек деп білгішсініпті.
ФБ–та 2021 жылы ақпан айының 18 жұлдызында Әлімжан Избасаровтың постысына пікір білдірген Байгали Меирамгалиев «Да,вы правы Алимжан, менять шило на мыло,только время терять..Нужны другие, новые люди.Люди из народа такие как, АРОН АТАБЕК , МАКС БОКАЕВ. Кто ценой своей свободой, доказал кто он такой» «Әкежан Қажыгелдин ол ұрі, және алаяқ , АРОН АТАБЕККЕ ЖЕТІП АЛСЫН АЛДЫМЕН»- деп жазыпты
Арон Атабек пен Макс Боқаев олар ұлт патриоттары мемлекет басқару тәжірибелері, білімдері аздық етеді. Әр азаматтың өзіндік басқа адам қайталай алмайтын қабілеттері болады. Аронды Әкежанға қарсы қою ол саясаттан мақұрым сауатсыз адамның ісі. Ал Әкежанды жамандау рушылдық, жершілдіктен туған көреалмаушылық және саяси сауатсыздық өзімде ғана болсын деген арам пиғылдан туындауда.
Ал И.Тасмағамбетов ол өзі айтқандай Назарбаевтың «өнімі» қазақтың ұлттық намысын сатқан опасыз адам. (Құрметті Елбасы- сіз 128 қаған мен хандар жасамаған жақсылықты жасадың деп тарихты бұрмалап жалған айтып жағымазданғаны) Тасмағамбетов 2003 жылы премьер-министр болып тұрғанда жерді сату туралы заңды дайындап парламентке ұсынған. «Шаңырақ» шағын ауданынның үйлерін тас талқан етіп бұзғызған әкім, онымен қоймай халық жанашыры Арон Атабекті 18 жылға түрмеге айдатқан да Иманғали.
Ал Әблязов қазақ болса да орыстық тәрбиесінің, психологияның құрбаны болған адам. Ол да өзінің жеке бас мүддесі үшін Н.Назарбаевтан жалынып кешіріп сұраған. Ал онымен қоса сотталған Ғалымжан Жақиянов азаматтық намысын сатпай, кешірім сұраудан бас тартқан. Бұлай дейтінім қазақ ұлтын біріктіріп мемлекет етуші титульды ұлттың, ана тілін мемлекеттік тіл болуын қаламауы, ол тілді тек байланыс құралы деп қана бағалап менсінбеуі мемлекет басшысы болатын адамға жараспайды.
Ал Әкежан Қажыгелдин Н.Назарбаевтан ешқашан кешірім сұрамаған намысын сақтап қалған, керісінше Назарбаевтың өзі Әкежанға істеген қиянатын мойындап одан кейінде кешірім сұраған. Әкежанды шет елге ақша тықты деп айыптап іздеткенде, өзінің «ұрлығы-миллиардтары» әшкере болып, АҚШ азаматы ЦРУ-дың агенті Гиффенге пара бергені анықталып, «Қазақгейт» сот процессі басталған болатын. Ал Әкежан Мағжанұлы өзінің жемқорлыққа қатысы болмағанын сот арқылы дәлелдеп берген.
Марқұм Заманбек Нұрқаділов Н.Назарбаевтың тапсырысы бойынша оның арандатуына еріп Әкежанға жала жапқанын өкінішпен мойындап, кейін кешірім сұраған деректер тарихта «бұлтартпайтын» факт болып қалды.
Біз қазіргі еліміздің тығырықта қалғанына бас ауыртуымыз керек. Ол тығырықтан шығу үшін бүкіл халық болып ат салысу ауадай қажет болып тұр.
Ондай тығырықтан әлемдік саясатта еркін «жүзе» алатын білімпаз халықаралық дәрежеде беделі бар азамат болуы тиіс. Бұл жерде тағы бабаларымыздың мына көрегендігін естеріңізге салам. Олар «Баба бүркіт барлап ұшады, бала бүркіт парлап ұшады» деп жастардың тәжірибесіздігін, асыра сілтеушіліктерін көрсеткен. Енді, жаңағы жас санағыш сәуегейлерге айтарым, Н.Назарбаевтан Әкежан 12 жас кіші, Қ.Тоқаевтан бір жас қана үлкен, И.Тасмағанбетовтен 2 жас қана үлкен, Ресей президенті В.Путинмен құрдас бүгінде наурыз айында 69 жасқа шығады. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті 79 жастағы (1942 жылғы) Джозеф Робинетт (Джо) Байденді де америка жұртшылығы президент етіп сайлауларының да маңызды себебі бар шығар. Ал жаңа сайланған АҚШ президенті Байден Әкежаннан 10 жас үлкен екен. Дана халқымыз айтқан ғой «Ақылды басқа, ақмақ жасқа қарайды» деп. Осы Бабаларынша ойлайтын мұқым қазақ ақымақ емес шығар.
Мына төмендегі суретте, ЖСДП филиалдарының төрт оппортунист-жетекшісі (А.Рахымжанов, Т.Сәмбетбай, М.Камалов және Қ.Күнболатов) қатысқан, олар екі майданда әрекет жасаған опасыздар болып шықты.
«Жаңа Қазақстан» формына қатысқан оппортунистер: Әміржан Қосанов, Айдос Сарым, Расул Жумалы, Дос Көшім, «Болашак» жастар қоғалысының жетекшісі Даурен Бабамурат (10 қаңтарда Мәжіліске депутат болды)
Ұжым болып түскен 2 фото-суреттен мен биліктің 9 жансызын, оппортунистерін таныдым. Олар осы жолғы Парламент сайлауында өздерінің оппуртунистер екендерін әшкерлеп алды.
Тарих қайталанатыны рас екен. Мына бір тарихи оқиғаны мысал ретінде келтіру себебім, Әкежан Қажыгелдиннің елінің мүддесі үшін жан-таласқан әрекетіне көлеңке түсірген оппортунист-жансыздар кімдер екендігін анықтап, халыққа жеткізу үшін еді.
1903 жылы РСДРП-ның II-ші съезінде социал-демократтардың партияның Жарғысын қабылдау барысында таластан соң екіге жарылып, Ленинді жақтағандар көп-яғни «больше», қалғандары азшылық болып олар «меньше»-яғни меньшевиктер деген тарихи атау өмірге келген болатын. Осы большевиктер кейін өздерін коммунистер деп атады.
Осы суреттегі азаматтардың ішінде де жоғарыдағы мысал секілді оппортунист-приспособленец-жандайшап опасыздардың мен тоғызын танып біліп отырмын. Оларды оқырман қауым сіздер де танып, біліп отырсыздар. Бұл бесеуінің қатарына кейін ЖСДП-ның басшылары А.Рахымжанов, Т.Сәмбетбай, М.Камалов және Қ.Күнболатовтарды қоссақ барлығы 9 оппортунист болып шығады.
Назарбаевтың қысымымен алыс шетелде 23 жыл бойы эмиграцияда жүрсе де, туған елінің қамын жеп, Отанының келешегі үшін алаңдап, президент Қ.Тоқаевқа бірнеше рет Қазақстанды саяси-экономикалық тығырықтан қалай алып шығудың, сыбайлас жемқорлықты қалай жеңуді, шетелге аударылған миллиардтаған қаржыны елге қайтарудың жолын, жоспарын көрсетіп жазып жатса да, көреалмаушылықпен бір отбасының иелігіне айналған өзара шырмауықша шатысқан қазақстан истеблишменті, ол жоспарларға назар аудармауда. Ұлттың қамына қатысты кеңеске құлақ аспау ол қазақтың көне-көз қарияларынан қағида болып қалған мына «Өзің білме білгеннің тілін алма» деген ұлағатты сөзін қарғыстың ең үлкені деуінде үлкен мән барлығын түсінсе ғой. Мұндай өзі білуге шамасы жетпесе де, өзім білем деген өзеуреу, тыраштанып білімділерге жала жабу әрекеті мемлекеттің халқының болашағын құрдымға кетіруге апарары сөзсіз.
Әкежан Қажыгелдин, Әблязов секілді мен премьер-министр болам деп алыстан аттандап жатқан жоқ. Әкежан жастар ел басқарсын біз жол көрсетейік тәжірибелерімізбен бөлісейік, деген ақсқалдың сөзін ғана айтуда. Қажыгелдин Әблязов секілді жұртты митингіге шығыңдар деп арандатқан жоқ.
Алайда, халықты өмір бойы алдап, қорқытып, өздерінің шексіз биліктерін жүргізу, мемлекетті тесіп сорумен байыған үстіне баи беру мүмкін емес. Бұл қазір көзі ашық, көкірегі ояу миллиондаған отандастарымыздың көкейіндегі маңызды сұрақ, ол қазіргі елдің басына түскен тығырықтан кім бастап алып шығады деген СҰРАҚ. Қазақ истеблишментінің қатарын саралай келе оған лайық – тек Әкежан Қажыгелдин екендігін дәледеп берейін.
Біріншіден — оның жоғары биліктен тәжірибесі мол. Еліміз өте қиындық көрген 1994-1997-жылдары ол Премьер-Министр болды. Халық есінде болар, 1993-жылдың 15-қарашасында ұлттық ақшамыз енгізілгенде АҚШ-тың 1 доллары — 4 теңге 80 тиынға бағаланған. Арада 11 ай өткенде Әкежан Мағжанұлы С.Терещенкодан Үкімет басшысын қабылдап алғанында 1 доллар — 53 теңгеге жеткен еді. Яғни инфляция тек 11 айда — 1104 пайыз құрады! Оның үстіне С.Терещенко мырза шетелден қарызға алғаннан 2,5 миллиард долларды біреулерге қайтарылмайтын етіп үлестіріп жіберген… 1997-жылдың қазан айының ортасында Ә.Қажыгелдин отставкаға кеткенде 1 доллар 67 теңге ғана болатын. Яғни, 36 айдағы инфляция — 26 пайыз ғана!
Әкежанға 1996-жылдың қорытындысымен «Жыл реформаторы» деген әлемдік Адам Смит атындағы сыйлық жайдан берілген жоқ, бүкіл посткеңестік мемлекеттердің басшылары арасында жалғыз өзіне ғана берілді. Ол — экономикаға өте жетік маман. Адам Смит атындағы халықаралық сыйлық экономика мен қаржы саласында үздік жетістікке жеткен, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шебер ғылыми негізде шеше білген өте жоғары білімді мамандарға берілетін сыйлық.
Екіншіден — Ә.Қажыгелдинді дүниежүзі мемлекеттері басшыларының, ірі саясаткерлерінің тең жартысы біледі. Халықаралық дәрежедегі беделі жоғары. Оған кезінде Назарбаев тарапынан қудалауға ұшырағанда Европаның демократиясы дамыған 16 елінің территориясында еркін жүретін «еркіндік паспортын» берген болатын.
Үшіншіден — ол 23 жыл бойы Еуропада тұрып, демократия құндылығымен сусындаған азамат. Қазақстандағы өршіген сыбайластық жемқорлыққа қатыспаған тұлға. Халқына ұдайы ерекше көңіл бөлуі, оның тез арада елімізде әділетті қоғам орната алатын қабілетін де жоққа шығара алмаймыз. Ә.Қажыгелдин мемлекет, қоғам, қазақ үшін ауадай қажет менеджер.
Төртіншіден — Ә.Қажыгелдин темірдей тәртіп орнататын қайраткер. Мұнысымен еліміз бен халқымызды жылдан жылға ойсырата опырып бара жатқан жемқорлыққа, парақорлыққа бұғау сала алады.
Бесіншіден — Ә.Қажыгелдин әу бастан іргедегі қауіпі зор Қытаймен емес, қияндағы Жапониямен экономикалық ірі серіктес болуды қалаған-ды. Президент болса — сол мақсатына жетері анық.
Алтыншыдан-ол төрт тілде еркін сөйлеп жаза алады. БҰҰ-ның 2- тілінде және өзінің ана тілі мен түрік тілдерінде.
Жетіншіден- Демократияның атасы саналатын АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джозеф Робинетт Байден Әкежанның досы екен.
Бұл пікірлер негізсіз айтылмаған тарихта саяси қудалауға ұшырап кейін мемлекет басқарған ел басшылары болған.
Нельсон Мандела 45 жыл оппозицияда оның жартысына жуығын түрмеде өткізген кейін Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне сайланып, мемлекетіне демократия орнатып берген.
Эмиграцияға кетуге мәжбүр болған Хамит Карзай да АҚШ бастаған ірі демократиялық елдер қолдауымен кері оралып, Ауғанстанның Президенті болды.
Биыл жемқор атанып түрмеге қамалған Садыр Жапаровты Қырғыз халқы түрмеден босатып алып, өздерінің Президенті етіп сайлады.
Тоқ етерін айтқанда Әкежанның жұрт айыптайтындай қазақ халқына жасаған қиянаты жоқ. Әкежанды жұрт білмей жазғырады, оны «колхоз» бен «совхозды» таратқан басшы, орта жүз территориясында орналасқан 5 облысты жапқан Қажыгелдин деп өсек таратты. Енді қисынға келмейтін осы айыптың жала екенін жұрт әлі білмей адасуда. Қажыгелдин 1994 жылдың соңында қазан айында үкімет басына келгенше, республиканың барлық колхоз, совхоздарын С.Терещенко, С.Қалмұрзаев, Н.Назарбаевтар талан-таражға салып біткен. Бұл авантюралық әрекетке Әкежанның еш қатысы жоқ.
Ол кезінде Н.Назарбаев тарапынан қызғаныштың құрбаны болып, шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болған қандасымыз. Әкежан Қажыгелдин туған елінен қиырда жүрсе де елінің қамын жеп, соңғы жылдары Қ.Тоқаевтың өзіне де бірнеше ақыл кеңес айтып тәжірибесімен бөлісіп хат жолдады.
Мен көзі ашық елін қазағының келешегін ойлайтын азаматтарға айтарым, менің осы жазған дәлелдерімді бұлтартпайтын фактылармен жоққа шығарып көріңдер, ал оған шамаларың жетпесе сол Әкежанды елге қайтару қозғалысын құруды ұсынамын. Бұл ұсынысымды өздерін патриотпыз бірігейік деп жүрген, бірігудің мәнін түсінген азаматтар: Жанболат Мамайға, Макс Боқаевқа, Әсем Жәпішоваға, Азаматхан Әміртайға, Нұржан Әлтаевқа, Сырым Әбдірахмановқа және т.б. есімдері аталмаған тек құр сөзбен «революция» жасайтындарға арнаймын.
Біз бірігіп Француз философы Жан Жак Руссо көрегендікпен билікке берген мына, «Күшенгіш биліктің барлығы күлкілі жағдайда болады: олар билеп-төстеу үшін халықты ноқталап, өлместің жағдайында ұстағысы келеді, соған қарамастан олар сол- өлместің күнін көріп отырған халықтың арқасында күшейіп кетсек деп дәмеленеді»-деген саяси бағасынан қорытынды шығарып олардың дәмеленуіне тоқтау салайық, жолын кесейік.
Есенғазы Қуандық, тарих ғылымдарының докторы, профессор. (Facebook парақшасынан)