«Қазақты қорлауды тоқтатыңдар, өз жерінде өгей баланың күйін кешіп отыр»: Қоғам қайраткері Асссамблеяға ескерту жасады

0
1854
Фото: elbasy.kz сайтынан
Advertisement

Қоғам қайраткері, ақын Жұмаш Көкбөрі Кенебай Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінің «қазақ» болып өзгеруіне қарсылығын білдірді.

«Өзге ұлт өкілдерінің төл құжаттарына «қазақ» деп жазу туралы бастаманы кім ойлап тапса да, бұл қазақ ұлтын ашық түрде қорлау деп түсінемін» деді Ж. Кененбай өзінің парақшасында.

«Міне 31 жыл болды қазақ тілінің өз мемлекетінде өгей баланың күйін кешіп отырғанына. Ана жылы биліктегілер «қазақстандық ұлт» дегенді ойлап тапқаны тағы да белгілі. Оның ізі суымай жатып, енді келіп мына масқараны жүзеге асырмақ.

Біздің қазақ не жазды бұл тексіздерге, соншалықты қорлайтындай?

Қазақ Елі тәуелсіздік алғалы ұлтымыз ашық түрде сыртқа тебілуде. Бұлар онсыз да маңдайының соры бес елі ұлтымызды барлық жағынан қорлап болып, енді келіп оны мазаққа айналдырмаққа айналдырмақ па? Меніңше бөтен ұлттар мұндай қадамға бармайды, барғандарының іштерінде арам ойлары бұғып жэататаны жалған емес.

Қайран қазақты қашанғы мазақ етпек тексіздер?

Біз ұлт зиялылары, қаламгерлер мұндай мазаққа ашық қарсы шығамыз. Жеріміз анау, талан-таражға түсіп жатқан, ұлттық байлығымыздың иесінің кім екені жұмбақ. Осындай жағдайда Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің төл құжаттарына «қазақ» деп жазу керек деген не масқара?

Сонда кім-кімді мазақ етіп отыр?» деп аяқтады қоғам қайраткері.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз